Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өрттерде екі зейнеткер қазаға ұшырады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өрттерде екі зейнеткер қазаға ұшырады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрттерде екі зейнеткер қазаға ұшырады - ҚР ТЖМ

Қарағанды қаласында 30 желтоқсанда Мануильский көшесіндегі №21 5-қабатты тұрғын үйдің пәтері өртенді. Өрт 10 шаршы метрді шарпыды.

Өртті сөндіру барысында 1921 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. 13 адам көшірілді, олардың ішінде 2 бала бар.

Жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Алматы облысының Қабанбай ауылында Мүсірепов көшесі, 18-де жеке үйде өрт болды. Жалын тілі 50 шаршыметрді шарпыды.

Өртті сөндіру барсында 1936 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. Түтін иісіне уланған 64 жастағы ер адам ауруханаа жеткізілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД-ның 5  адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.