14:40, 02 Шілде 2012 | GMT +5
Орынбор маңында Ми-8 тікұшағы құлап, өртеніп кетті
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін, жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 9:20-да Орынбор облысының Первомай ауданында «Орынбор» әуежайына тиесілі МИ-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы Орал көліктегі тексеру басқармасы хабарлады.
Жерден шамамен 15 метр биіктікте әуеге көтерілу кезінде тікұшақтың командирі «ұшу режімінің ақаулығын» байқаған, деп жазды Утро. ру. Соның салдарынан ол шұғыл тікұшақты жерге қондыруға шешім қабылдады. Тікұшақ жерге қонысымен лаулап өртене бастаған. Абырой болғанда, экипаждың 3 мүшесі аман қалды.