Орыс тілін заңдастыру туралы ұсыныс жасалды - Жоғарғы Рада

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Украинаның Жоғарғы Радасында орыс тіліне ұлттық деңгейде ресми мәртебе беретін заң жобасы тіркелді.
None
None

Украиналық "Коммерсантъ" газетінің хабарлауынша, жоба авторлары - билік жүргізуші коалицияға кіретін - Аймақтар партиясының, Коммунистік партия мен Литвин Блогының депутаттары. Құжатта қарастырылғандай, украин тілі - мемлекеттік тіл болып қалады, ал орыс тілін барлық салада, оның ішінде іс қағаздарын жүргізу және білім беру саласында қолдануға рұқсат етілетін болады. Депутаттардың пікірінше, бұл мәселе Аймақтық тілдердің еуропалық хартиясына қайшы келмейді. Бұл заң жобасы қабылдануы мүмкін, себебі оны ұсынып отырған партиялар Радада көпшілік дауысқа ие.

Ал оппозиция болса, орыс тілінде білім алу құқығына кепілдік бермейтін қазіргі заңнаманы сақтап қалу керектігіне сенімді. Юлия Тимошенко мен Виктор Ющенконың жақтаушылары, ұсынылып отырған заң жобасы Украина азаматтарын жікке бөледі деп санайды.

Соңғы жаңалықтар