16:03, 16 Қараша 2011 | GMT +5
                                        ОСК 5-ші сайланатын Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуге қатысты қаулы қабылдады
                                            АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін 5-ші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы қаулы қабылдады.
                                        
                                        
                                     
                                              Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссияның хатшысы Бақыт Мелдешов осы құжатқа байланысты баяндама жасады. Оның сөзінше, қаулы жобасында 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған 5-ші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдері бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары қоса берілген.
Сонымен қатар қаулыда 2012 жылы 16 қаңтарға тағайындалған 5-ші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту мәселесі қарастырылған.