ОСК Мәжілістің кезектен тыс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын болды

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Орталық сайлау комиссиясы 5-ші сайланатын кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланбайды»,-деді бүгін ОСК төрағасы журналистермен болған брифингте.
None
None

«Сайлауға ақпараттық қолдауға келетін болсақ, ОСК әдеттегідей барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді және журналистер ОСК-ның барлық отырыстарына шақырылады. Сондай-ақ қалыптасқан дәстүр бойынша, ОСК жақын арада тұрақты жұмыс істейтін баспасөз орталығын ашады»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар