14:56, 24 Қараша 2011 | GMT +5
ОСК Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған сенаторларды тіркеді
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезекті отырыс барысында Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде тағайындалған сенаторларды тіркеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді, Икрам Адырбековты, Мұхтар Алтынбаевты, Берік Имашевті, Бауыржан Мұхамеджановты, Ерлан Нығматулинді, Лидмила Полторобатьконы Сенат депутаты етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Сенат депутаты болып тағайындалуларына байланысты оларға тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілер табыс етілді.