05:01, 23 Шілде 2015 | GMT +5
Оскар Де Ла Хойя: «Біз Лёффлермен Головкин - Лемье айқасын талқылаудамыз
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя өздерінің компаниясы орта салмақтағы IBF чемпионы канадалық Давид Лемье мен WBA (Super), WBC (Interim) чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жекпе-жегін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқандығын айтты.
Де Ла Хояның айтуынша, олар Головкиннің промоутері Томом Лёффлермен бұл мәселе жайында ақылдасуда.
«Бұл айқасты ұйымдастыра аламыз ба, көреміз. Мен әлі Эрик Гомеспен (Golden Boy вице-президенті) алдағы күзде осы жекпе-жекті жасау мүмкіндігі жайлы тағы сөйлесемін. Мен қашанда фанаттарға нағыз айқастарды көрсетуге тырысамын, ал бұл кездесу де ең ең мықтыларының бірі болады».