Оскар де ла Хойя: «Канело» Головкинді жеңгеннен кейін P4P-рейтингінде нөмірі бірінші боксшы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя pound-for-pound рейтингіндегі өзінің боксшысының орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Boxingscene.com.

Оскар де ла Хойя: «Канело» Головкинді жеңгеннен кейін P4P-рейтингінде нөмірі бірінші боксшы болады

«Менің ойымша, «Канело» қазір әлемдегі үздік боксшылардың үштігінде тұр. Головкинді жеңгеннен кейін нөмірі бірінші болатынына сенімдімін. Оған қоса,  жасы небәрі 26-да - ол мансабын енді бастады. Оның үйренері көп. Кез келген бокс үшін ең жақсы кез - 29-29 жас. Сондықтан, біз әзірге үздік «Канелоны» көрген жоқпыз», - деді Де ла Хойя.