Өскелең ұрпақ өткенін танып, болашағын бағамдай білуі үшін тағылымы мол іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп отырған жөн - Серік Сейдуманов

АЛМАТЫ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тарихты танумен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері және саяси сабақтары» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

Өскелең ұрпақ өткенін танып, болашағын бағамдай білуі үшін тағылымы мол іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп отырған жөн - Серік Сейдуманов

«Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы бостандық пен еркіндікке деген қаһармандық күресінің өшпес жігерінің жеңісі. Тарихқа жүгінер болсақ, халқымыз бостандық жолында көптеген ұлт-азаттық көтерлістерге шықты. Арыстарымызды келешекке өшпестей ерлік пен елдіктің, теңдік пен еркіндіктің үлгісін қалдырды», - дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов. Оның пайымдауынша, кешегімізге көрсетілген құрмет келешегіміздің жарқын болуына жол ашады. Өскелең ұрпақ өткенін танып, болашағын бағамдай білуі үшін тағылымы мол іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп отырған жөн. Сонда жастарымыз халық арасында іріткі салып, шаңырағымызды шайқауға бағытталған теріс пиғылды әрекеттерден аулақ болады.