11:15, 05 Шілде 2010 | GMT +5
                                        Өскемен Астана күнін атап өтуде
                                            ӨСКЕМЕН. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Өскемен Астана күнін атап өтуде. Мерекелік шараларға барлық қала тұрғындары - өнер шеберлері мен суретшілер, фотосуретшілер, қолөнершілер, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар, бишілер мен автошабандоздар белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілет-қарымын байқатуда.
                                        
                                        
                                     
                                              Бүгін Астана күні құрметіне өскемендіктер мен қала қонақтарына «Елордам-Астана» қалалық ардагерлер кеңесі әзірлеген мерекелік концерт ұсынылады, ал кеше қалалық «Жастар» саябағында жас елордаға арналған жергілікті фотосурет шеберлерінің көрмесі ашылған болатын.
Негізгі мерекелік шаралар - халық серуені, концерттер, турнирлер мен конкурстар, әртүрлі жарыстар «авто, вело және жеңіл атлетика) шілденің 6-сы күні өтеді