Өскемен әуежайы жоғары баға үшін жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

«Өскемен әуежайы» жоғары баға үшін жауапкершілікке тартылды
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Тергеп-тексеру нәтижесінде әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға жол бергені анықталды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен «Өскемен әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған сомалар толық көлемде бюджетке төленді.

Айта кектелік Бектенов бірқатар нарықта монополияға қарсы бақылауды күшейтуді тапсырған еді