20:44, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Өскемен базарлары тәртіпке келтірілуде
СЕМЕЙ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Өскеменде базар саудаларын тәртіпке келтіру жұмыстары басталып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жексенбі күні аймақ басшысы қала әкімі Темірбек Қасымжановпен бірге Өскемендегі бірқатар сауда нысандарын аралап көрді. «Жәрдем» және «Центральный» базарларында сауда жұмысы санитарлық нормаға сәйкес еместігі анықталды. Сүт, май, тұқым, ірімшік, балық және басқа да тамақ өнімдері тұтынушыларға ветеринарлық бақылаусыз сатылады екен. Бұдан басқа, аталған сауда нысандары тиісті ақыны төлемейді, демек, бюджетке төлем салығы кем түседі. Сатушылардың басым бөлігінің өз қызметін жүргізуге заңдық негіздері жоқ.Қала әкімшілігі мен базар басшылары арасында көшедегі заңсыз сауда жүргізуді тоқтату, сатылатын тауарлардың сапасына тиісті бақылау жүргізу және сауда жасаушылармен төлемақыға қатысты тиісті қызметтің дұрыс жүргізуін қамтамасыз ету жөнінде келісім орнады.Көшедегі сауданы тәртіпке келтіруге арналған шаралар алдағы уақытта да жүргізіліп отырады.