Өскемен экологиясы нашар қала санатынан шықты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде соңғы 10 жылда қоршаған ортаға тасталынатын залалды заттардың көлемі бірнеше ондаған мың тоннаға азайған, деп хабарлайды Экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков «ҚазАқпарат» ХАА-ның тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ауаға зиянды шығарындылардың азаюына ірі кәсіпорындардағы экологиялық бағдарламалар, қоғамдық бақылау мен Қазақстандағы жалғыз «ӨЭБӨАӨЖ» экологиялық онлайн бақылау жүйесі әсер еткен.
Геннадий Леонидовичтің мәлімдеуінше, ӨЭБӨАӨЖ (Өнеркәсіптік-экологиялық бақылаудың өңірлік автоматтандырылған өлшеу жүйесі) әрбір 20 минут сайын дәл қазіргі уақытпен ауаның жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Техникалық құрылғы қаланың 11 жерінде, соның ішінде кәсіпорындарда да орнатылған.
«Ластану» индексі РШК-ның 2 бірлігіне «төмендеген», біздің қаламыз «лас» қалалардың тізімінде бірнеше орынға төмен түсті», - деді Г.Корешков.
Айта кетейік, аталмыш экологиялық бақылау экология департаментінің кез келген кәсіпорынды тексеруіне жол ашты.