Өскемен: Естелік эстафетасы үзілмейді

Жүздеген қала тұрғыны, ардагерлер мен олардың туыстары Ертіс пен Үлбі өзендерінің түйіскен жерінде орнатылған естелік ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсіміне жұртпен бірге облыстың және облыс орталығының басшылары Бердібек Сапарбаев пен Серік Тәукебаев, ардагерлер кеңесінің жетекшілері Геннадий Бердюгин мен Иван Скворцов, аймақ аумағында орналасқан әскери гарнизондардың басшылары қатысты.
Бір күн бұрын осы жерде бірінші рет «Шырақты жақ» акциясы өткізілді, жыл сайынғы шара бұған дейін «Жастар» саябағында өткізіліп келді. Соғыс майданында қаза тапқан 7199 өскемендікті еске алу құрметіне қалалықтар мәңгілік алаудан сонша шырақ жақты.
Бұл жарқын акцияға қатысуға ниет білдіргендердің саны жыл сайын өсуде. Өкінішке қарай, оған қатысатын ардагерлер саны азаюда. Облыс орталығында қазір Ұлы Отан соғысының 375 қатысушысы қалды, олардың көбі жастары мен денсаулықтарына байланысты төсек тартып жатыр. Бірақ Еске алу эстафетасы үзілмейді - ескерткішке келетін жастардың саны өсуде.
Кешқұрым Өскеменнің бас алаңында «Әскери жылдардың әндері» атты ретро-концерт пен мерекелік отшашу болады.