Өскемен қаласының әкімдігі екі айдан бері қалалық ЖЭО секілді қағаз үнемдеумен айналысып келеді

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен қаласының әкімдігі екі айдан бері қалалық ЖЭО секілді қағаз үнемдеумен айналысып келеді.

Өскемен қаласының әкімдігі екі айдан бері қалалық ЖЭО секілді қағаз үнемдеумен айналысып келеді

Қалалық әкімдіктің барлық қызметкерінен олар шығын еткен әр қағаз үшін есеп сұралуда. Екі жағы да толық толтырылған парақты қызметші ақшаға қайта өңдеу үшін тапсырады.

Бұл оқиға көктем айында басталған еді, осы кезде қала әкімі ЖЭО-да болып, бұл жерде еш нәрсені қоқысқа тастамайтынын байқайды. Әкім осы тәжірибені мемлекеттік қызметшілер арасында да қолдануды шешті, деп хабарлайды әкімдік инспекторы Гүлфариза Рамазанова. Өткен екі ай ішінде 4 мың 270 килә қағаз жиналды. Есесіне жаңа қағаз ерекше құнға ие болып, ысырапсыз жұмсау үшін барлық шара қолға алынуда, деп хабарлады әкімдіктегілер.