Өскемен қаласының әкімі отставкаға өтініш берді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Ол аталмыш лауазымдағы қызметін 2016 жылғы сәуірде бастады. Одан бұрын облыс әкімі аппаратының басшысы болды.

Қала әкімінің аппараты ақпаратты растады. Аймұқашев қызметтен отбасылық жағдайына байланысты кетуде - қарт әкесі науқастанып, ұлы жанында болғысы келген.

Белгілі болғандай, Ерлан Аймұқашевтің қызметінен кетуі ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен келісілді, қазір Астанада қала басшысының орнына адам тағайындау мәселесі  қаралуда.

Әзірге оның міндетін орынбасары Арман Ысқақов уақытша атқаруда.

Соңғы жаңалықтар