Өскемен қаласының әкімі тұрғындармен тікелей эфирде жүздесті
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Тіпті телеэфир уақытын жоспарланғаннан 15 минут созу да Ислам Әбішевтің қала тұрғындарының сұрақтарына барлық жауаптарын қамти алмады. Дегенмен қала әкімі барлық жауаптар БАҚ-тарда жарияланып, әзір болуына қарай қалалық сайттарда да орналастырылатынына уәде берді.
Қалалықтарды жолдарды жөндеудің сапасы, Жол картасын жүзеге асыру, қаланы абаттандыру, көпірлердің қауіпсіздігі, газбен қамту, дәрілердің қымбаттауы, қала маңындағы ауылдарды сумен жабдықтау, аулалардағы хоккей алаңқайларының жай-күйі және басқа да көптеген мәселелер толғандырды.
Қорыта айтқанда, Өскемен қаласының әкімі И.Әбішевтің телекөрермендермен алғашқы жүздесуі халықпен бұлайша байланыстың өзекті екенін және мұндай көздесулерді жалғастыру қажеттігін көрсетті.