Өскемен көшелерінде маньяк жүргені жайлы ақпарат — жалған

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында маньяк жүргені, оның бірнеше адамды ағашқа асып тастағаны жайлы жалған ақпарат тарап жатыр.

фейк
Фото: Kazinform

Кешелі бері WhatsApp мессенджерінде қала көшелерінде маньяктың пайда болғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Онда «Бұл Өскеменде болған жағдай. Маньяк әлі табылмай жатыр. Жасы 37-45 шамасында. Адамдарды ағашқа арқанмен асып кетеді екен» деп жазылған. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 

— Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған, Өскемен қаласында маньяктың бар екендігі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыс аумағында мұндай фактілер тіркелген жоқ. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпаратты таратпауға шақырады, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен тұрғынын өлтірген ер адам қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жібергені жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар