Өскемен маңында Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтерілді

ӨСКЕМЕН. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Глубоков ауданындағы Прапорщиково ауылының қасынан өтетін Ертіс өзенінде су көтеріліп, соның салдарынан жер асты суларының деңгейі  жоғарылады.

Өскемен маңында  Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтерілді

 3 тұрғын үйді су басып қалу қаупі туындады.

 ТЖ хабарлағандай, су басу қаупін жою үшін шлак салынған екі КамАЗ көлігі келіп жетті, ұзындығы 40 метр, биіктігі 60 см ыдыс-қаптан жасалған бөгет жасалды. Оқиға орнында ТЖ және жергілікті атқарушы биліктің шамамен 30 адамы жұмыс істеді.