Өскемен наубайшылары қала әкімшілігімен қазанның 1-іне дейін әлеуметтік нанның бағасын көтермеу туралы келісімге отырды

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Өскемен әкімдігі мен наубайшылардың арасында Әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бағаны көтермеу туралы құжатқа әзірге қазанның 1-іне дейін қол қойылып отыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Әкім Ислам Әбішевтің айтуынша, ұнның, сәйкесінше, нанның да бағасын көтеруге объективті себеп жоқ. Биылғы бидайдың өнімі жеткілікті, қор да баршылық.

Бірақ та, былтырғы астықтың қоры таусылып, жаңа астық жете қоймаған аралықта кейбіреулер пысықтық танытып, пайда табуға әрекет жасайтыны бар. Наубайшылардың әкіммен болған кездесуінде осы жайлы айтылды.

Наубайшылардың айтуынша, ұнның бағасы күн санап өсуде. Шығынға бата беретін болса, наубайшылар банкротқа ұшырауы мүмкін. Наубайшылар қауымдастығының төрағасы Нұржан Жаңабеков өз сөзінде, «нанның -әлеуметтік өнім екенін ұғына отырып, біз әлеуметтік нанды бұрынғы бағамен 43 теңгеден асырмай пісіруге дайынбыз. Бірақ бізге тұрақтандыру қорының қолдауы керек. Нанның бағасын біз қолдан төмендете алмаймыз, себебі өзіміз шығынға отырамыз», деп атап көрсетті.

Әкіммен болған кездесуде наубайшылар сондай-ақ, «қазіргідей жағдайда үстеме бағаны қадағалаудың өте маңызды екенін» атап көрсетті. «ИП Межебицкий» компаниясының өкілі Галина Межебицкаяның айтуынша, көп сауда нүктелері жағдайды пайдаланып, әлеуметтік нанды коммерциялық өнім ретінде сатып, оның бағасын 5-8 теңгеге дейін көтерген оқиғалар болған. «Сол кезде біз ондай серіктестерден бас тарттық»,- дейді кәсіпкер.

Қала әкімі кәсіпкерлік бөліміне сауда нүктелерін қатаң бақылауға алып, күнделікті мониторинг жүргізу туралы тапсырма берді. «Өкіметтің міндеті - әлеуметтік нан бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу. Тұрақтандыру қоры іс-әрекетке қабілеттілігін дәлелдеді, сондықтан да біздің қолымызда бағаны ұстау тетіктері бар», - деп атап көрсетті И.Әбішев өз сөзінде.

Сонымен, келісім әзірге қазанның 1-іне дейін жасалды. Жағдайдың әрі қарай өрбуі Шығыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қоры қаншалықты тез жасалатындығына байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, тұрақтандыру қоры наубайшыларға бірінші сұрыпты ұнды әлеуметтік бағамен сатады және бұл шара сауда нүктелерін 600 грамдық әлеуметтік нанды 46 теңге бағамен жабдықтауға мүмкіндік береді. Күн сайын қалада әлеуметтік баға бойынша 20 мың бөлке нан пісіріледі. Коммерциялық нанның бағасы 45 теңге және одан жоғары.

Соңғы жаңалықтар