22:15, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
Өскемен полицейлері жарты центнер есірткі тәркіледі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде полицейлер заңсыз есірткі саудасымен айналысқан үш адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері барлығы 53 келі марихуана тәркіледі.
«Ұсталған адамдардың бірінің пәтерінен 1 келі есірткі анықталды, тағы 18 келісі екінші қылмыскер мінген жеңіл көліктің жүксалғышынан тәркіленді. Полицейлер одан әрі тексеру барысында үшінші адамның гаражынан 33 келі марихуана тапты», - деп хабарлады ШҚО ІІД-дан.
Соталды тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер тұтқындалды.