17:15, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Өскемен-Рахман қайнары тас жолында ЖКО-да кейуана қаза болды
ӨСКЕМЕН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Өскемен-Рахман қайнары автожолының 32-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, 80 жастағы кейуана қазаға ұшырады.

«Ниссан-Ларго» автомашинасының жүргізушісі көлікті басқара алмай, қар үйіндісіне шығып кетті. Машина аударылып , егде жолаушы жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмды.