14:13, 07 Қаңтар 2010 | GMT +5
Өскемен Шіркеу округінің лауазымды өкілі игумен Митрофан елімізге - тыныштық, жүректерге - қайырымдылық тіледі
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Баршаңызға Құдайдың ризашылығын, елімізге - тыныштық, жүректерге - қайырымдылық тілеймін», - деді шығысқазақстандық православтарды бүгінгі Рождество мерекесімен құттықтаған Өскемен Шіркеу округінің лауазымды өкілі,

Свято-Троицкий монастыры басшысының орынбасары игумен Митрофан.
Негізгі рождестволық рәсім бүгін Өскемендегі Свято-Троицкий ерлер монастырының аумағында орналасқан Андрей Первозванный соборында өтті.
Соборда өткен рождестволық шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты. Әкім шығысқазақстандықтарды осынау атаулы мерекемен құттықтады.