Өскемен тұрғынынан 30 келіден астам марихуана тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ұсталған ер адамның автокөлігінен екі қорап марихуана табылды.

Өскемен тұрғынынан 30 келіден астам марихуана тәркіленді

Автокөлік багажын тексеру кезінде табылған екі қорап ішіндегі күдікті заттың марихуана екенін сараптама растады. Бұрын істі болған 44 жастағы жүргізушіден алынған есірткінің жалпы салмағы  31 келі, 812 грамм, - деп хабарлады облыстық ІІД.

Ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау фактісімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.