15:42, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Өскемен жол полицейлері борышкерлердің ар-ұятының «оянатынына» үміттенуде
ӨСКЕМЕН. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Өскемен жол полийцелері ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында төлемдерді өтеуге асықпайтын жол ережесін бұзғандарға тағы бір мүмкіндік берді.

Борышкерлердің тізімі жергілікті БАҚ-та жарияланған - олардың жалпы саны 6 мың адам. Қарапайым есептеулер бойынша, қалалық бюджет одан 45 миллион теңгеге жуық ақшаны жоғалтуда.
«Мүмкін бұдан кейін жол көлік ережелерін бұзушылардың ар-ұяты «оянар». Өйткені олардың барлығының айыппұл санкцияларын өз еркімен өтеу мерзімі өтіп кетті. Енді біздің барлық құжаттарды сот орындаушыларына беру құқығымыз бар. Бірақ біз жүргізушілерге тағы бір мүмкіндік бердік және олардың өздерінің есімдерін тізімнен тауып, кассаға өз еркімен келетініне үміттенеміз», - дейді қалалық жол полициясының бастығы Сергей Коваленко.