Өскеменді жаңажылдық безендіруге 70 млн теңгеден астам қаражат жұмсалмақ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында жаңа жылға арналған мерекелік безендіру жұмыстарына 71,5 млн теңге қарастырылған.

Тысячи павлодарцев встретили Новый год на центральной площади
Фото: Валерий Бугаев

Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған деректерге сәйкес, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мерекелік безендіру жұмыстарын жүргізетін мердігерді іздестіріп жатыр. Жалпы бұл мақсатта 71,5 млн теңге жұмсалмақ. 

Бұл қаражат Республика алаңындағы басты шыршаны орнату, безендіру, мереке аяқталған соң қайта жинап алу жұмыстарына, орталық алаңдағы субұрқақ аумағын безендіруге, Комсомол аралы мен Комендантка өзенінің бойына интерактивті шыршалар орнатуға жұмсалады. 

Қалада бұрыннан бар әшекейлерден бөлек жаңалары орнатылмақ. Сметаға «2026» деген жарықтандырылған екі композицияны жасау да енгізілген. Олар Достық үйі мен 19-ықшамаудан аумағына орнатылады. 

Бұған қоса, мердігер негізгі мерекелік локацияларда фотозоналар мен жарық инсталляцияларын әзірлеуі тиіс.

Еске салсақ, осыған дейін Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласындағы LED экранда «Жаңа жылыңызбен!» деген жазу шығып, оны тұрғын видеоға түсіріп алғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар