13:48, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Өскеменде 1,5 жасар бала 2-ші қабаттан құлап, аман қалды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде бір жарым жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесіндегі москит торға сүйеніп отырамын деп төменге құлап кеткен. Салдарынан бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған, өкпесін соғып алған.
Бала алдымен орындыққа тұрған, сосын терезеге мінген екен. Ана мен бала орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рамазановтың айтуынша, баланы періштесі сақтап қалған. Ол ауруханаға жарты сағатта жеткізіліп, алғашқы жәрдемді дер кезінде алып үлгерді. «Қазір баланың беті бері қарады, оны жансақтау бөлімінен көшірдік», - дейді дәрігер.