Өскеменде 1 жасар бала 5 қабаттан құлап кетті
ӨСКЕМЕН. 20 маусым. ҚазАқпарат - Өскеменде 1 жасар бала Гагарин бульвары бойындағы 5 қабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Сәби көз жұмды,
деп хабарлады ТЖД.
Енді ғана жүре бастаған сәбидің ата-анасы Ресейден туыстарына қонаққа келген.
Сәбидің терезеге қалай шығып, құлап кеткенін туыстарының ешқайсысы көрмеген.