10:00, 06 Қаңтар 2019 | GMT +5
Өскеменде 11 жылы аялдама орнатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы қыста Өскеменде 11 жылы аялдама орнатылмақ. Салынып жатқан нысандардың бірін қала әкімшілігінің өкілдері аралап көрді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Жаңа нысандардың бірі Халифа Алтай облыстық мешітінің маңында орналасқан. Мердігер қала әкіміне құрылыс жұмыстарының осы айдың соңында аяқталатынан айтты.
«Өскемен-Тәртіп» ЖШС-ның директоры Тамара Рақымжанованың айтуынша, аялдама түнде автоматты режимде жабылады. Егер кімде-кім шыға алмай қалған болса, есік іштен ашылады.
Жылы аялдамалар сондай-ақ: «Пристань» (соңғы аялдама), «Казцинк», «Неке сарайы» (қалаға қарай бағыт алатын жол), «Комсомольская» (соңғы аялдама), «Ушанов алаңы» (әуежайға апаратын жол), «Теміржол вокзалы», «Ивушка «Гастрономы», «№ 44 мектеп», «Шығыс стадионы» «Рассвет» фабрикасы» сияқты орындарда салынады.
Павильон ішінде тұрғындар тек жылынып қана қоймай, ұялы телефондарын да қуаттандыра алады.