Өскеменде ақын Әбілғазы Қайырбековпен кездесу қызықты өтті (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - А.С.Пушкин атындағы кітапханада ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, филология ғалымдарының кандидаты Әділғазы Қайырбековтің жерлестерімен кездесуінде алматылық қонақ кітапханаға биылғы жылы басылып шыққан өз шығармаларының 10-томдық жинағын сыйға тартты.
None
None

Ақынның 10 томдығына өлеңдері, поэмалары, эсселері, сондай-ақ Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин және басқа да жазушылардың және ақындардың шығармашылығы жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары, белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлерімен сұхбаттары, очерктері енген.

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Нұржан Қуантай өзінің қаламдас ұстазын 60 жасқа толуымен құттықтап, дәстүр бойынша оның иығына шапан жапты.

Ақын Бақытжан Райысова Қайырбековтің студенттік кездегі шығармашылығы жөнінде әңгімелеп, оның «Қаңбақ» деген өлеңін оқып берді.

Жазушы Мәуітқазы Зөкенов және еңбек ардагері Мәкен Рахимова кітапханаға тартқан сыйы үшін қонаққа оқырмандар атынан алғысын айтып, шығармашылық табыстар тіледі. Ақын тыңдаушылардың сұрақтарына жауап қайтарып, кітапхананың өз шығармаларының электрондық нұсқасын авторлық құқықты сақтай отырып, пайдалануына рұқсат беретін шартқа қол қойды.

Кездесу жылы шырайлы, достық рәуіште өтті және автордың айтуынша, жақында ғана Аягөз тұрғыны музыка жазған «Семей-Өскемен» өлеңін оқумен аяқталды.

Әділғазы Қайырбеков Тарбағатай ауданының Қожагелді ауылында 1955 жылы дүниеге келген. 1978 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Көп жылдар бойы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Халық кеңесі», «Қазақ елі» газеттерінің редакцияларында қызмет істеді, 2000 жылдан бері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық кешенінің директоры.

Соңғы жаңалықтар