Өскеменде алдағы жылы кәсіпкерлер үшін Қолдау орталығы ашылады
ӨСКЕМЕН. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың бірінші тоқсанында Өскеменде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады.
Бұл институттың барлық қызметі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесуге бағытталады. Ондағы жұмыс ХҚКО сияқты бір терезе принципімен жүргізіледі. Қызметтердің негізгі бөлігі тегін көрсетіледі.
Бұл жұмысты қалалық әкімдік «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірге жүргізуде. Қазіргі кезде қалалық кәсіпкерлік бөлімі осындай орталықтардың тәжірибесін зерттеу үстінде. Тиісті ғимарат туралы мәселе қарастырылуда.