Өскеменде алғашқы түрлі-түсті субұрқақ ашылды

ркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Өскеменде  Ертістің жағалауында,  интернационал-жауынгерлерге арналған  ескерткіштің  жанында     жаңа субұрқақ ашылды,  
None
None

 деп   хабарлайды  қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Субұрқақтың  тұсаукесер рәсімі  жексенбі күні кешке  өтті.    Орнатылған  16 прожектор      төрт түсті - жасыл, көк,   күлгін және   қызыл түсті сәулелер шашады.

Субұрқақты   орнату  идеясын   қала әкімі Ислам Әбішев  ұсынғанын  айта кету керек.  Бұрқақтың  жобасы  «Қазгипротүстімет»  мекемесінде әзірленді,  оның авторы  Владимир  Дорофеев.  Мамандардың    өздерінің  мойындауынша,  бұл  олардың   осындай  алғашқы  тәжірибесі.

Облыстық  жұртшылық кеңесінің  төрағасы Владимир  Лопаткиннің айтуынша,  «өскемендік  кәсіпкерлер осынау ерекше  және  әдемі  тартуды  Қала күніне    арнап  отыр.  Сыйлықтың   қала тұрғындарының көңілінен  шықты».

Жобаның  құны  ұйымдастырушыларға 37 миллион теңгеге  түсті.

Соңғы жаңалықтар