Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында мерзімді әскери қызметтегі 2004 жылғы Мархан Айқын Ерланұлын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өскеменде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалды
Фото: Kazinform

Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің мәліметінше, 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында № 27943 әскери бөлімінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте тұрған әскери қызметші қойма аумағынан өз бетінше белгісіз бағытқа кетіп қалған. Қазіргі уақытта оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

— Қазақстан тұрғындарынан сарбаздың жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұраймыз. Нақты ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы беріледі, — делінген ақпаратта.

Іздестіріліп жатқан әскери қызметшінің белгілері: бойы шамамен 177 см, салмағы 80 келідей, дене бітімі орташа, көзі қара, шашы қысқа әрі қара түсті, бетінде меңдері бар. Алдын ала мәлімет бойынша, үстінде далаға киюге арналған әскери киім болған, алайда киімін ауыстырып алған болуы мүмкін.

Әскери қызметшінің орналасқан жері туралы ақпаратты келесідей байланыс нөмірлеріне хабарлауға болады: 8 (7232) 62-34-15, 8 705 508 39 39, 8 775 553 53 35.
Сондай-ақ хабарласқан азаматтардың жеке деректері құпия сақталатыны атап өтілді.

Еске салсақ, осыған дейін Оралда 200-ге жуық жас сарбаз Ұлттық ұлан қатарына қосылғаны хабарланған.