Өскеменде Ата заң күнін мерекелеуге 15 мыңнан астам адам жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 тамыз өскемендіктер мен қала қонақтары үшін ерекше күн болды, деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметінен.
None
None

Өйткені, қалада «Ел тірегі - Ата заң» форумы, бал фестивалі, түрлі концерттік бағдарламалар мен жастарға арналған би кеші ұйымдастырылды. Конституция күнін атап өту үшін, Республика алаңына 15 мыңнан астам адам жиналды. Биыл өткізіліп отырған мерекелік шараның ерекшелігі, әрбір концерттік блок 9 бөлімге сәйкес келеді: «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық Кеңес», «Соттар және Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару әділеттілігі». Жиналған қауымды аймақ басшысы Даниал Ахметов аталған мерекемен құттықтады. Республика алаңында концерттен басқа Бал фестивалі өтті. Онда еліміздің әрбір түкпірінен жиналған 120-дан астам омарташы 61 тоннаға жуық бал өнімін сатылымға қойды. Сондай-ақ, «Ел тірегі-Ата заң» форумы өтті. Концерттік кеште этномәдени бірлестіктер мен кавказ би мектебі, «Ловзар» ансамблінің өнер көрсетуі жиналған жұртқа ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шаралардың соңғы легі кешке жастарға арналған би кешімен аяқталады. Айта кететіні, Конституция Күні облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2 айдың ішінде қайта жөндеуден өткен, Гагарин желекжолындағы саяжолдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар