Өскеменде ауаға тараған екі зиянды зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында ауаға тараған екі зиянды зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды.

Өскемен көшелерін неге түтін басып тұр - «Қазгидромет» өкілі жауап берді
Фото: Өскемен тұрғындарынан

Қалада кешелі бері жел соқпай тұр. Екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай 20 қаңтар күні сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

- Бүгін кей зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды. Ең көп көрсеткіш күкірт диоксиді бойынша (3,3 есе) және күкіртсутек (3 есе) бойынша тіркелді. Желдің соқпауы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп болжанып отыр, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК облыстық филиалынан.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда экологиялық шектеулері бар аймақ белгіленгені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум