Өскеменде автобус аялдамасында ер адам жан тапсырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде аялдамалардың бірінен ер адамның өлі денесі табылды. Полицейлер оның тұлғасын анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде автобус аялдамасында ер адам жан тапсырды

Аялдамада ер адамның өлі денесі жатқаны туралы «102-ге» жедел жәрдем бригадасы хабар берген. Жедел жәрдемді қала тұрғындары шақырған.

«Оқиға орнына барған Өскемен ІІБ жедел тергеу тобы анықтағандай, Орджоникидзе көшесінде, «Сберкассаға» қарама-қарсы аялдамада тұрған 57 жастағы ер адам жедел медициналық көмек келгенше қайтыс болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға қылмыстық сипатқа ие емес. Тексеру жүргізілуде», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері.