Өскеменде балалар ауылынан тағы екі тәрбиеленуші қашып кеткен

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полицейлер балалар ауылынан рұқсатсыз кетіп қалған екі жеткіншекті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде балалар ауылынан тағы екі тәрбиеленуші қашып кеткен

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 04.30-да балалар ауылынан қашып кеткен 12 жастағы ұл мен қызға іздеу жарияланған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары оларды қаладағы сауда орталықтарының бірінде серуендеп жүрген жерінен тауып алды. Қазірде екеуі балалар ауылына қайтарылған. Мұғалімдер мен психологтар жеткіншектермен әңгімелесуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 11 наурыз күні аталмыш балалар ауылынан қашып шыққан екі бозбала қала шетінен табылған болатын.