Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде Берлин қабырғасының құлауының 20 жылдығына арналған жарқағаздар көрмесі ашылды

ЕМЕН.  Қазанның  1-і.   ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Берлин қабырғасының  құлауының  20 жылдығына   арналып Өскеменде  өткізілген     жарқағаздар көрмесіне     Германия  Сыртқы  істер  министрлігінің   Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Дитер Боден мен    Германияның Қазақстандағы  Елшілігінің атташесі Петер Шмит қатысты. 

Өскеменде    Берлин қабырғасының   құлауының  20 жылдығына арналған    жарқағаздар көрмесі    ашылды

Көрме   Қазақстанның Германиядағы жылына арналған  іс-шаралар аясында А.С.Пушкин  атындағы  облыстық  кітапхананың көрме  залында  өтті.

Көрменің ашылу  рәсіміне  неміс  қонақтармен  бірге    Германия Елшілігінің консулдық бөлімінің  қызметкерлері,  аймақтық   өкімет пен  зиялы  қауым өкілдері,   Неміс тілін   зерттеу  жөніндегі  орталықтың    басшылары,  облыстық  кітапханадағы Неміс ақпараттық   орталығының  қызметкерлері  қатысты.

Жиналған  қауымның алдында сөз сөйлеген Германия Елшігінінің  консулы    Петер   Шмит   «Берлин    қабырғасының  құлауын  әлемдік    революцияға» теңеді.   Ол  сондай-ақ,  «жалпы адами құндылықтардың    тамыры бір екенін» атап көрсетіп, Қазақстан  мен Германияның арасында   жыл  сайын  тереңдеп келе  жатқан     тату,  серіктестік  қатынас  қалыптасқанын  айтты.