Өскеменде биыл 60-тан астам күн жел соқпай, қаланы түтін басып тұрды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында жыл басынан бері 62 күнде қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелді.

Өскеменде ауа сапасын бақылайтын мобильді зертхана іске қосылады
Фото: Өскемен тұрғындарынан

Қалада желсіз күндері автокөліктер мен кәсіпорындар шығаратын ластаушы заттардың ауаға таралуы жиілейді. Сондықтан «Қазгидромет» РМК халыққа алдын ала қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқаны жайлы ескертіп отырады.

- 2025 жылы Өскеменде осындай 62 күн болған. 2020 жылы - 78, 2021 жылы - 42, 2022 жылы - 99, 2023 жылы - 124, 2024 жылы - 100 күнде қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелді, - делінген ақпаратта.

Мамандар осындай күндерде далада ұзақ жүрмеуге, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жабуға, қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішуге кеңес береді. Сондай-ақ тамақ рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді қосқан жөн.

Еске салсақ, кеше елдегі 7 қалада ауа сапасы нашарлаған болатын. 

Ботакөз Кенжеханқызы

Соңғы жаңалықтар