13:26, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Өскеменде бірінші жартыжылдық ішінде мемлекеттік басқару органдарына қалалықтардан 40 мың өтініш келіп түскен
ӨСКЕМЕН. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі жұмыс биліктің жіті бақылауында болады,

деп мәлімдеді қала әкімінің қалалық аппараты.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде мемлекеттік басқару органдарына өскемендіктерден 40 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Келіп түскен өтініштердің әрбір төртіншісі жер және жер пайдалануға қатысты, әр жетіншісі - тұрғын үй мен тұрғын үй коммуналдыққа, әрбір сегізінші өтініш әлеуметтік қорғауға қатысты болған.
Қала әкімі, оның орынбасары, әкім аппараты жетекшілерінің жеке қабылдауында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 376 өтініш қаралып, оның 89-ы оң шешімін тапты, қалған өтініштер бойынша түсініктемелер алынып жатыр.
Мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері жарты жыл ішінде 669 қала тұрғындарын қабылдап, 189-ына қатысты оң шешім қабылдаған.