Өскеменде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 54 үй салынды
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен іргесіндегі 28 шағын ауданға барып, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған үйлермен танысты. Бүгінде осы бағдарлама арқылы 54 үй бой көтерді.
«Тағы 1000-нан астам жер учаскесі дайын тұр. Барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйесі, атап айтқанда жолдар, балалар алаңдары қарастырылған. Көктемде жерасты суы деңгейінің өсуіне байланысты қиындықтар туындағаны рас. Енді арнайы құжаттар дайындалып, барлық қажетті жөндеу жұмыстарды басталады. Сондай-ақ осындай жағдай қайталанбас үшін қосымша геологиялық зерттеулер де жүргізіледі», - деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, қажет болған жағдайда жерасты суын бұру технологиясы қолданылады.
«Шағын ауданда мектеп, үш балабақша және жүз орындық емхана салу жоспарланған. Сонымен қатар аудандағы үйлердің жобалары әртүрлі болуы үшін өзге жобаларды дайындауды тапсырдым. Салынған 54 үй өте ыңғайлы әрі заманауи. Жақын арада бұл облыс орталығындағы ең перспективті аудандардың біріне айналады», - деді Даниал Ахметов.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алматыда 5 жыл бұрын іздеу жарияланған күдікті ШҚО-да ұсталғанын хабарлаған едік.