Өскеменде экологтар жер үйлердегі ауа сапасын тексерді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында арнайы құрылған комиссия мүшелері жер үйлердегі ауа сапасын тексерді. 

Өскеменде экологтар жер үйлердегі ауа сапасын тексерді
Фото: ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

20 қарашадан Өскеменде бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Ол қараша айының соңына дейін созылады. Осыған байланысты қалада ауа сапасын бақылау үшін арнайы комиссия құрылды.

Оның құрамына ШҚО экология департаментінің мамандары, қоғам белсенділері, метеорологтар, сарапшылар мен облыстық мәслихат депутаттары кірді. Комиссия мүшелері Защита шағын ауданы мен Мирный кентінде болып, ауа сапасын тексерді. 

«Қалада орналасқан өнеркәсіптік нысандардың шығарындылары ауаның сапасына айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ жылыту маусымында көмірді пайдалану - ауаның ластайтын факторлардың бірі. Жер үйлерде жүргізілген өлшеулердің нәтижелері бойынша күкірт диоксидінің, көміртегі тотығы мен шаңның рұқсат етілген концентрациядан асып кету фактісі тіркелді, - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі Назарбаев даңғылында орналасқан Достық үйі мен Гагарин бульвары көшесінің маңындағы тұрғын үйлердің халқы ауа сапасының нашарлап кеткеніне шағымданған. 

Экологтар тексеру жүргізген соң хлорсутегінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі тіркелген. 

Кешеден бері қала мектептерінде оқушылар онлайн форматқа ауыстырылған. 

Сарапшылар ауа сапасының мониторингі сылбыр жүргізілетінін сынады.  

Соңғы жаңалықтар