Өскеменде эпидемия маусымында тыныс жолы жіті вирустық инфекциясын жұқтырудың 17 300 оқиғасы тіркелді

ӨСКЕМЕН.   Желтоқсанның   3-і.   ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде   эпидемия маусымында  тыныс жолы өткір вирустық   инфекциясын   жұқтырудың  17 300  оқиғасы  және  тұмаудың  ((В-1, А-1)   екі  оқиғасы  тіркелді.  

Өскеменде   эпидемия маусымында  тыныс жолы жіті вирустық   инфекциясын   жұқтырудың  17 300  оқиғасы  тіркелді

  Былтырғы  жылғы маусыммен  салыстырғанда,     вирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары  1,7 есеге    көп,   деп   хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. 

Маусым  басталғалы  бері,   қыркүйектің 29-ынан   бастап    стационарларға тыныс жолы өткір вирус   инфекциясы  және тұмау   диагнозымен   426 адам    жатқызылған.    Олардың     365-і  (85,6   пайызы) -  балалар,    тұмау мен   вирус инфекциясы салдарынан  кісі  өлімі   орын  алған   жоқ.

Барлық  емдеу-профилактикалық  ұйымдарда,  отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда,   балабақшалар  мен мектептерде    оқшаулау  шаралары     жүргізілді.