Өскеменде эпидемия маусымында тыныс жолы жіті вирустық инфекциясын жұқтырудың 17 300 оқиғасы тіркелді

ӨСКЕМЕН.   Желтоқсанның   3-і.   ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде   эпидемия маусымында  тыныс жолы өткір вирустық   инфекциясын   жұқтырудың  17 300  оқиғасы  және  тұмаудың  ((В-1, А-1)   екі  оқиғасы  тіркелді.  
None
None

  Былтырғы  жылғы маусыммен  салыстырғанда,     вирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары  1,7 есеге    көп,   деп   хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. 

Маусым  басталғалы  бері,   қыркүйектің 29-ынан   бастап    стационарларға тыныс жолы өткір вирус   инфекциясы  және тұмау   диагнозымен   426 адам    жатқызылған.    Олардың     365-і  (85,6   пайызы) -  балалар,    тұмау мен   вирус инфекциясы салдарынан  кісі  өлімі   орын  алған   жоқ.

Барлық  емдеу-профилактикалық  ұйымдарда,  отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда,   балабақшалар  мен мектептерде    оқшаулау  шаралары     жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар