Өскеменде қалалық аралдан заңсыз орнатылған гараждар алынатын болады

ӨСКЕМЕН. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қаланың дәл ортасында орналасқан Октябрьский аралы аймағынан заңсыз орнатылған металл гараждар алынады. Бүгінгі күнге дейін 87 гараждың 40-ғы иелерінің еркімен алынды, ал қалған гараждар «мәжбүрлі түрде» алынады.
None
None

Қала әкімінің орынбасары Андрей Брусенцевтың айтуынша, «қазір біз мүдделі органдармен қалған гараждардың шығарылуының заңды жолын қарастырып жатырмыз. Олардың барлығы коммуналдық кәсіпорындардың бірінің алаңына уақытша сақталатын болады».

А.Брусенцов айтқандай, гараж иелерімен жиналыс өтіп, олардан гараждың қала орталығында тұруына рұқсат беретін құжаттарды тапсыру сұралған. Ал егер ол құжаттар жоқ болса, шілденің 7-іне дейін метталдан жасалған гараждарды өз еріктерімен алып тасталу туралы ақпарат айтылған. Қырық гараждың иелері заң жолымен жүріп, өздеріне тиесілі гараждарды алды, ал қалған адамдардың мүлкін мәжбүрлі түрде шығаруға тура келеді. Олардың ешқайсыларында тиісті құжаттар жоқ.

Соңғы жаңалықтар