08:28, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өскеменде қар көшкіні салдарынан бір адам қаза болды
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Өскемен маңында қар көшкінін болдырмас үшін оны алдын-ала қопаруға дайындық жүргізу кезінде кісі өліміне әкелген қайғылы оқиға орын алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қар қабаты өздігінен қозғалып, тау етегінде профилактикалық шараға дайындалып жатқан адамдарды басып қалды. Ал бұл кезде «Қазселденқорғау» мекемесінің қопару жұмыстары жөніндегі маманы жарылғыш зат қойылатын жерде тұрған. Қар көшкіні осы жұмыстарға арнайы келген барлық жеті адамды басып қалған, олар жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық топтары мен оқиға орнында қаза болған қопарушы маман. Журналистер мен операторлар қар астынан аман-есен қазып алынды, олардың екеуі ауруханада жатыр.