Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде «Кәсіби мемлекет, шынайылық пен болашақ» атты халықаралық конференция болып өтті

ӨСКЕМЕН. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде «Кәсіби мемлекет, шынайылық пен болашақ» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Өскеменде «Кәсіби мемлекет, шынайылық пен болашақ» атты халықаралық конференция болып өтті

Оның жұмысына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарау академиясының, Сібір Мемлекеттік қызмет академиясының, «Нұр Отан» ХДП ШҚО-дағы филиалының өкілдері мен облыс әкімі аппаратының аймақтық мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру орталығының басшылығы қатысты.

Конференцияда Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі мемлекеттік экономиканы реттеу жүйесін дамыту бағыттары, мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды қайта жаңғырту мәселелері талқыланды. Бұл конференция әкім аппаратының Шығыс Қазақстан аймақтық мемлекеттік қызметкерлері қайта даярлау мен біліктілігін арттыру орталығының құрылғандығына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды.