Өскеменде Қасымхан Бегмановтың «Мұстафа Шоқай жолдарымен» атты фильмінің тұсаукесері болды

ӨСКЕМЕН. 9 шілде. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен әкімдігінде «Мұстафа Шоқай жолдарымен» атты көркем фильмнің тұсаукесері болды.

Өскеменде Қасымхан Бегмановтың «Мұстафа Шоқай жолдарымен» атты фильмінің тұсаукесері болды

Сценарий авторы мен режиссері қазақтың белігі ақыны, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты және «Алаш» халықаралық әдеби жүлдесінің иегері Қасымхан Бегманов. Фильм музыкасын композитор Арман Бексұлтан жазған, басты кеңесшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді.

Туынды белгілі қоғам қайраткері, қазақтың бірінші саяси эмигранты Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған. Фильмге қажетті құжаттар көптеген елдердің мұрағаттарынан алынды. «Мұстафа Шоқай жолдарымен» экспедициясының мүшелері Мұстафа Шоқай туып өскен Қызылорда облысы Шиелі ауданы Наршоқы ауылында, Мұстафа оқып, әртүрі саяси оқиғаларға қатысқан Ташкент, Қоқанд, Ферғана, Самарқанд қалаларында болған.