Өскеменде қайта жаңғыртудан кейін Комендантка өзенінің арнасымен су жіберілді

ӨСКЕМЕН. 31 шілде. ҚазАқпарат - 1 тамызда қалалық бюджеттің балансына Комендантка өзенінің бірінші кезегі қабылданатын болады, деп хабарлады Өскемен әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұл мерзімге дейін мердігер «ПМК Құрылыс» барлық олқылықтарды жою керек еді. Бұл туралы қала әкімі Серік Тәукебаевтың жұмыс сапары кезінде айтылды.

Бұл мақсаттарға шамамен 14 күн берілді. Жасалған іс аз емес, алайда нақты шешім 1 тамызда - мердігер нысанды комиссияға тапсырғаннан кейін қабылданатын болады.

Жалпы алғанда өзеннің арнасымен су 28 шілдеде, сенбі күні жіберілді. Қызмет көрсету «Өскемен-Тәртіп» МКК-ға беріледі. Ендігіде су қоймасының тазалығын сақтап, жағалаудың жағдайын бақылауға алу қажет.

Қала  әкімдігінде «Өскемен Су Арнасы» балансына сорғыштарды тапсыру мәселесі қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар