Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде «Келісім. Әріптестік. Тұрақтылық» этномәдени бірлестіктерінің республикалық конференциясы өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Сәуірдің 30-ында Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Келісім. Әріптестік. Тұрақтылық» этномәдени бірлестіктерінің республикалық конференциясы өтеді.

 Өскеменде  «Келісім. Әріптестік. Тұрақтылық»  этномәдени бірлестіктерінің республикалық конференциясы өтеді
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету - «Нұр Отан» партиясының Халықтық тұғырнамасындағы басым бағыттарының бірі. Аталмыш іс-шара конфессияаралық қарым-қатынастар мен этникааралық байланыс саласындағы тәжірибелерді ғылыми жағынан қорытындылаудың тағы бір кезеңі іспеттес болады. Мәслихатта айтылатын ұсыныстар мемлекеттік және қоғамдық институттардың ондаған жылдар бойы жинаған тәжірибесін ортақ мүддеге пайдалануға ықпал етеді», - деді О.Петерс.Конференцияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «Нұр Отан» ХДП Хатшысы Ерлан Қарин, Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Берік Әбдіғалиев, сондай-ақ ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері, азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Партия ресми өкілінің айтуынша, конференция аясында Қазақстан халқының бірлігі мейрамына орай дәстүрлі «Бір шаңырақ астында» форумы ұйымдастырылады.